ПреМама Дуо

Болашақ анаға не қажет екенін біледі

 

Қайдан сатып алуға болады

ПреМама Дуо … Жүктіліктен бұрын, жүктілік және емізу кезеңінде.

...

11

дәрумен

10

минерал

ДГҚ-мен

30 таблетка

30 капсула

...

ПреМама Дуо препаратының негізгі ингредиенттері және олардың рөлі

Фолий қышқылы B9

Фолий қышқылы жүкті болуды жоспарлап жүрген әйелдер үшін де, бірінші триместрдегі жүкті әйелдер үшін де өте маңызды, өйткені фолий қышқылын қосымша қабылдау ананың фолий деңгейін жоғарылатады. Ананың фолий қышқылының төмен деңгейі дамып келе жатқан ұрықта жүйке түтігінің зақымдалуына әкелуі мүмкін. Жүйке түтігі баланың миы мен жұлын құрайды, олар жүйке жүйесінің дамуы үшін өте маңызды. Ұрықталудан  бір ай бұрын және жүктіліктің алғашқы үш айында кем дегенде 400 мкг фолий қышқылын күнделікті қосымша қабылдау арқылы оң нәтижеге қол жеткізуге болады.

...

Темір Fe

 

Темір қалыпты когнитивті атқарымын сақтауда, эритроциттер мен гемоглобин түзілуін қамтамасыз етуде және ағзадағы оттегінің тиімді тасымалдануында маңызды рөл атқарады. Темір қалыпты зат алмасу мен қуаттын түзілуіне ықпал етеді, бұл шаршау мен сарқылудың төмендеуіне әсер етеді.

...

ЙОД I

Йод қалқанша безінің қалыпты жұмысын қолдайды және қалқанша безінің гормондарының қалыпты түзілуіне ықпал етеді. Йод қалыпты когнитивті атқарымын сақтау үшін маңызды. Жүктілік кезінде және баланы емізу кезінде йодқа деген қажеттілік едәуір артады, сондықтан жүкті және емізетін әйелдердің йодтың тәуліктік дозасын үнемі тұтынуы маңызды.

...
...

D дәрумені

D дәрумені ағзадағы кальций мен фосфордың қалыпты сіңуіне және қолданылуына ықпал етеді және сау тістер мен сүйектер үшін маңызды қандағы кальцийдің жеткілікті деңгейіне ықпал етеді. Жүкті әйелдерге жүктілік кезінде және бала емізу кезінде D дәруменінің жеткілікті қорын сақтау үшін тәулігіне 10 мкг D дәруменінің дозасы ұсынылады, бұл ана мен бала үшін маңызды.  D дәруменін экзогенді қабылдау қажеттілігі күндізгі күн сәулесі шектелген аналар мен болашақ аналарда көбірек болады. Сонымен қатар, D дәрумені иммундық атқарымды сақтауда маңызды рөл атқарады.

...

С дәрумені

С дәрумені ағзадағы темірдің сіңуіне ықпал етеді. Ол әйелдердің жүктілік немесе бала емізу кезінде жиі кездесетін шаршау мен сарқылуды азайтуға көмектеседі. С дәрумені терінің серпімділігі мен шымырлығын сақтау үшін маңызды коллагеннің қалыпты түрде түзілуіне әсер етеді.

...

ДГҚ (докозагексаен қышқылы)

Жүктілік және емізу кезінде докозагексаен қышқылын (DHA) қабылдау ұрықтар мен нәрестелердің көздері мен миының қалыпты дамуына ықпал ететіні ғылыми дәлелденген. Оң әсерге ересектер үшін ұсынылатын омега-3 май қышқылдарының күнделікті тұтынуына қосымша күніне 200 мг ДГҚ тұтыну арқылы қол жеткізіледі. ДГҚ-ын жеткілікті мөлшерде алу үшін жүкті және бала емізетін әйелдерге ақсерке, бақтақ, сардина немесе скумбрия сияқты майлы балықты тұтынуға немесе оны тиісті тағамдық қоспалар арқылы қабылдауға кеңес беріледі.

...

ПреМама Дуо препараты жүктілікті жоспарлаудан бастап емізуге дейін сізбен бірге:

...

Фолий қышқылы жүктілік кезінде ана ағзасында тіндерінің дамуына ықпал етеді.

...

ПреМама дуо препаратының ингредиенттерінің бірі болып табылатын темір зат алмасуының қалыпты жұмысын және қуаттың түзілуін қолдайды, бұл шаршау мен сарқылудың төмендеуіне әкеледі.

...

D дәрумені ана мен баланың тістері мен сүйектерінің саулығын сақтауға көмектеседі.

...

Йод қалыпты когнитивті атқарымға ықпал етеді, сондықтан күнделікті жоспарлау және басымдықты белгілеу, икемділік, абстрактылы ойлау, мәселелерді шешу, шешім қабылдау, есте сақтау, эмоцияны бақылау және басқа да көптеген әрекеттер дұрыс сақталады.

...

ДГҚ(докозагексаен қышқылы)қабылдау көру қабілетінің қалыпты дамуына және ұрық пен нәрестелердің миының қалыпты дамуына ықпал етеді.

...

С дәрумені коллагеннің қалыпты түрде түзілуіне ықпал етеді, бұл терінің серпімділігі мен шымырлығын сақтау үшін маңызды, осылайша сіз күнделікті өзіңізді әдемі сезінесіз.

Неліктен ПреМама Дуо?

Сізге жаңа өміріңіздегі сапарға көмектесу үшін әйелдің тамақтану қажеттіліктерін қанағаттандыратын тағамдық қоспаны ұсынамыз:

  • Жүктілікті жоспарлау
  • Жүктілік
  • Баланы емізу кезеңінде.

Жүкті әйелдерге арналған бұл препарат құрамында фолий қышқылы, дәрумендер, минералдар және омега-3 май қышқылдары (ДГҚ және ЭПҚ) бар және таблеткалар мен капсулалар түрінде ұсынылған. Әр таблеткада фолий қышқылы (400 мкг), 11 витамин және 10 минерал бар, ал капсулаларда омега-3 май қышқылдары бар. ПреМама Дуо препаратының бір таблеткасы мен бір капсуласы сіздің күнделікті дәрумендер мен минералдарға деген қажеттіліктеріңізді қанағаттандыра алады.

ПреМама Дуо препараты  – бұл жүктілікті жоспарлайтын әйелдерге, жүкті және емізетін әйелдерге арналған тағамдық қоспалар.

Жүктілікті жоспарлаңыз және келесі құралдардың көмегімен өзіңіздің жүктілікке жолыңызды тексеріңіз:

Овуляция калькуляторы

Есептеу

Жүктілік күнтізбесі

Есептеу

Қайдан сатып алуға болады?

 

...

ПреМама Дуо –

Болашақ анаға не қажет екенін біледі

АЛКАЛОИД АД СКОПЬЕ ТУРАЛЫ 

Алкалоид АД Скопье – 85 жылдан астам уақыт бойы дәрі-дәрмек, косметикалық және химиялық өнімдер өндіру және өсімдік шикізатын қайта өңдеу саласында жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын. Бүгінде ол әлемнің 40-тан астам елінде жұмыс істейді. 

Алкалоид соңғы 15 жыл ішінде өзінің өндірістік қуаттарын, зертханаларын, нысандарын, озық технологияларын, үздіксіз кадрлық білім беру мен заманауи бағдарламалық қамтамасыз етуді үздіксіз инвестициялады. 

Бүгінде Алкалоидтың туған елінде 2259, шетелдік еншілес және өкілдіктерде 711 қызметкері бар. 

Алкалоидтың үздіксіз іскерлік жетістігі мен тұрақты дамуы біздің өнім сапасының және Алкалоидта жұмыс істейтін қызметкерлердің нәтижесі болып табылады. Біз әр жеке тұлға үшін салауатты өмір туралы арманымызды жүзеге асыруға үнемі инвестиция саламыз, себебі денсаулық бірінші болып келеді деп есептейміз. 

Қатысты мақалаларды қараңыз

Аналар үшін бұрыш

...

Ауру кезінде емшек емізу: аналар не істеуі керек? 

«Ананың жұмысы ешқашан бітпейді» деген көне мақал бар. Ас әзірлеу, үй жинау, күтім жасау және отбасыға қамқор болу… Психикалық және физикалық жүктеме ешқашан тоқтамайды. Бұл әсіресе ана суық тиіп немесе тұмау жұқтырған кезде қиынға соғады. Иә, тұмау мен суық тию маусымы бүкіл отбасы үшін қиын кезең, бірақ әсіресе емшек емізетін аналар үшін ауыр тиеді. Олар көбінесе ауырған кезінде баланы емізуді жалғастыру керек пе деген сұраққа тап болады, және біз осы мәселені түсіндіруге көмектесеміз.

Біз айтқандай, ауру кезінде емізу ана үшін үлкен сынақ болуы мүмкін. Негізінен, қауіпсіздік шараларының кейбірі бар, бірақ бұл да өте жағымсыз тәжірибе. Сіз тұмаумен ауырып немесе суықтап қалғанда, бір ғана қалауыңыз – төсекке жатып демалу. Алайда, емізетін аналардың әдетте мұндай мүмкіндігі жоқ. Сұрақ туындайды…

Анасы ауырғанда баланы емшекпен емізу қауіпсіз бе?

Уайымдамаңыз, егер қолыңызды жуу немесе бетперде тағу сияқты гигиеналық шараларды қолдансаңыз, сіздің балаңыз қауіпсіз болады. Шын мәнінде, көптеген медициналық қызметкерлер аналарға ауру кезінде де балаларын емізуді ұсынады, себебі бұл сүт шығару процесін жалғастырады.

Емшек емізу сонымен қатар, ауру кезінде организмде пайда болатын және сүтте сақталатын антиденелер арқасында, балаңызды суық, тұмау немесе басқа аурулардан жақсы қорғауды қамтамасыз етеді.

Емшек емізу кезінде дәрі қабылдау қауіпсіз бе?

Егер сіз тұмау немесе суық тиюге қарсы дәрі қабылдауды ойласаңыз, ең дұрысы – дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу. Медицина маманымен кеңеспей ешқандай дәріні қабылдамаңыз, өйткені кейбір дәрілер балаға зиян тигізуі мүмкін.

Жалпы, парацетамол мен ибупрофен сияқты рецептсіз берілетін дәрілерді ұсынылған мөлшерде және қысқа уақытқа ауырсыну мен қызбаны төмендету үшін қабылдау емшекпен емізу кезінде қауіпсіз деп саналады. Егер сізге антибиотик қабылдау қажет болса, оны емізу кезінде қолдануға болатынын дәрігерден нақтылап сұраңыз.

Тағы не істеуге болады?

Витаминдер мен минералдардан тұратын витамин-минералды кешенін қабылдауға болады. Ана ағзасы емшекпен емізу, ұйқының жеткіліксіздігі және осы кезеңнің басқа да қиындықтарына байланысты әлсірейді. Сондықтан қажетті микроэлементтермен байытылған қоспалар иммундық жүйеңізге ғана емес, жалпы денсаулығыңызға пайдалы болады.

Сонымен қатар, суық тиген кезде денені жақсы ылғалдандыруға ерекше назар аудару маңызды. Көп су ішіңіз, сондай-ақ ауа ылғалдандырғышты пайдаланыңыз. Құрғақ ауа мен нашар желдету суық тиюдің ауырлауына әкелуі мүмкін. Демалуға тырысыңыз және, ең бастысы нәрестеңіз ұйықтағанда сіз де ұйықтауға тырысыңыз. Біз оның әрдайым мүмкін еместігін білеміз, бірақ денеңіздің тынығуы ауру кезінде өте маңызды, сондықтан мүмкіндігінше көбірек демалуға тырысыңыз. Бұл, сөзсіз, үй шаруасын азайтып, физикалық еңбектен бас тартуды да қамтиды.

Ауру кезінде емшекпен емізу белгілі бір қиындықтар тудырады және ана үшін нағыз сынақ болуы мүмкін. Бірақ сабыр сақтап, осы кезеңде не істеу және қандай дәрі қабылдау керектігі туралы дәрігердің кеңестерін орындауға тырысыңыз. Көптеген аналар бұл жағдайды бастан өткереді. Бұл да өтеді.

Аналар үшін бұрыш

...

Нәрестені емізуге ояту: жақсы ма әлде жаман ба? 

«Ұйықтап жатқан нәрестені оятпа» деген ескі мақал бар. Егде жастағы адамдар жас аналарға мұны жиі айтады, солай емес пе? Бірақ бүгінгі күні бұл ереже ескірді. Қазіргі заманғы жетекші педиатрлар керісінше ұсынады… Біз бұған кейінірек ораламыз.

Нәрестенің ұйқысы ересек адамның ұйқысынан өзгеше

Ең маңызды нәрсе – нәрестелер өмірінің алғашқы жылында көп ұйықтайтынын түсіну. Бұл – қалыпты құбылыс, өйткені олар бұл кезеңде өте жылдам өседі. Ми мен дененің дұрыс дамуы үшін оларға демалу мен сапалы ұйқы қажет.

Мамандар 12 айға дейінгі нәрестелерге тәулігіне 12-16 сағат ұйқы керек екенін айтады. Бұл уақытқа күндізгі ұйқы да кіреді. Сондықтан балаңызға ұйықтауға мүмкіндік беріңіз.

Сонымен қатар, нәрестелерде күн мен түннің ауысуын шатастыру жиі кездеседі, өйткені олардың циркадтық ырғағы әлі толық дамымаған. Бірақ егер бала түнге қарағанда күндіз көбірек ұйықтаса, бұл мәселе болуы мүмкін.

Қорытындылай келе, сіз балаңыздың күндіз ұйықтап, түнде сергек жүргенін қаламайсыз ғой? Сондықтан, егер күндізгі ұйқы 3 сағаттан асып кетсе, баланы оятуға болады.

Ендеше, нәрестені ояту керек пе?

Иә, нәрестені ояту қалыпты жағдай, тіпті кейбір жағдайларда бұл қажет болған:

Жоғарыда айтқанымыздай, егер күндізгі ұйқы 3 сағаттан асып кетсе, баланы оятуға болады.

Жаңа туған нәрестелерге күніне 12 ретке дейін емізу қажет, яғни оларды әр екі-үш сағат сайын тамақтандыру керек. Жиі емізу нәресте мен ана үшін пайдалы. Ана емізген сайын сүт мөлшерін реттейді. Емшекпен емізу сұраныс пен ұсыну қағидасына негізделген. Балаңызды неғұрлым жиі емізсеңіз, соғұрлым көбірек сүт бөлінеді.

Қоспамен (аралас тамақтандырумен) өсіп келе жатқан балалар емшек сүтімен қоректенетіндерге қарағанда тамақтану аралығын ұзартуы мүмкін, көбінесе 3 сағатқа дейін. Бұл қоспаның ана сүтіне қарағанда баяу қорытылуымен байланысты. Нәрестенің ас қорыту жүйесі әлі жетілмегендіктен, ауырлау сүт қоспаларын өңдеу үшін көбірек уақыт қажет болады.

Жаңа туған нәрестелер өмірінің алғашқы екі аптасында туған кездегі салмағының шамамен 10%-ын жоғалтуы мүмкін, сол себепті сау салмаққа жету мақсатында жиі тамақтандыру ұсынылады.

Нәрестені оятуға тағы бір себеп – лас немесе ылғалды жөргек. Сіз өз кішкентайыңызды лас жөргекте тым ұзақ қалдырғыңыз келмейтіні сөзсіз. Оәткені бұл нәрестеге жөргектің әсерінен пайда болған боздану мен бөртпелерін тудырып, сәбидің мазасыздануына әкелуі мүмкін.

Сонымен баланың түнгі ұйқысын қалай ұзартуға болады? Балаңыздың түнгі ұйқысын жақсартудың ең жақсы әдісі – бірізділік пен тұрақты күн тәртібін енгізу. Нәрестелер белгілі бір ырғақ пен болжамды ортаға жақсы жауап береді. Сондықтан күн сайын белгілі бір уақытқа сәйкес келетін ұйықтау режимін енгізу ұсынылады. Ал түнгі ұйқыға дайындалу келесі қадамдардан тұруы мүмкін: жұмсақ ванна, жөргекті ауыстыру, жаңа таза киім, тамақтандыру, содан кейін төсекке жатқызу. Сонымен қатар, баланы шаршау күйіне жеткізбеуге тырысыңыз. Себебі шаршаған, жылауық және тынышсыз нәрестелерді тыныштандыру қиын. Сондықтан, күн тәртібінен бастаңыз, балаңыздың шаршау белгілерін қадағалаңыз. Осы күн тәртібін сақтау балаға қауіпсіздік пен тұрақтылық сезімін береді, бұл оның ұйқы сапасын жақсартады.

Аналар үшін бұрыш

...

Докозагексаен қышқылы (ДГҚ) жүктілік және лактация кезінде неге маңызды?

Докозагексаен қышқылы (DHA) – омега-3 май қышқылы, ол адам ағзасының дұрыс қызмет етуі үшін аса қажет. Бұл қышқыл жасуша мембраналарының негізгі құрамдас бөлігі болып табылады және мидың, көздің және жүйке жүйесінің қалыпты дамуына айтарлықтай үлес қосады.

Қазіргі уақытта ДГҚ-ның ми мен көру функцияларын қалыпты деңгейде ұстауға көмектесетіні жақсы белгілі.

Ғылыми деректер көрсеткендей, бала өмірінің белгілі бір кезеңдерінде, әсіресе жүктіліктің соңғы триместрінде және өмірдің алғашқы алты айында, мида және көз торында ДГҚ қарқынды жиналады. Бұл кезеңде бала тек ана сүті арқылы микроэлементтерді алады, сондықтан анасының тамағы мен қоспаларының сапасы өте маңызды.

Осы себептен жүкті және бала емізетін аналарға өз балаларында ми мен көздің қалыпты дамуына ықпал ету үшін күніне кемінде 200 мг ДГҚ қабылдау ұсынылады. Оң әсерге ересектерге арналған омега-3 май қышқылдарының тәулігіне 200 мг ДГҚ қолдану арқылы қол жеткізіледі, мысалы, 250 мг ДГҚ және ЭПҚ (эйкозапентаен қышқылы).

Омега-3 май қышқылы ретінде ДГҚ негізінен лосось, форель, сардина немесе скумбрия сияқты майлы балықтарда кездеседі. Дегенмен, соңғы уақытта біз бүгін жейтін балықтың қауіпсіздігі, оның шығу тегі мен ықтимал ластайтын заттары тұрғысынан талқылануда.

Осының бәрін ескере отырып, ананың және баланың күнделікті қажетті тағамдық құндылығын қамтамасыз ету мақсатында PreMama duo формуласы бір капсулаға 200 мг ДГҚ дозасын қамтиды.

Қосымша көру